Қазақ опера тарихындағы тұңғыш комедия

Қазақ опера тарихындағы тұңғыш комедия

«Астана Опера» театрының сахнасында комедиялық опералар жиі сахналанады. Дегенмен «Айсұлу» комедиялық операсы қазақ опера тарихында қашан да ерекше болып қала бермек. Өткен ғасырдың 60-жылдарындағы Алматы қаласын суреттейтін тың туындыда заман кейіпі, сол кезеңдегі атмосфера, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өзгеше суреттеледі.

Жалпы қойылым көк базардағы көріністен басталып, теміржол вокзалындағы оқиғамен жалғасын табады. Басты кейіпкерлердің бірі - Серке, қалаға жоғары білім алуға келеді. Дегенмен азаматтың бар ойы ауылда қалған ғашығында еді. Кейіпкер өзінің білім аламын деген арманын қалай да орындауға тырысып, махаббатын да сақтап қалғысы келеді. Ал спектакль соңы жеңіспен, үйлену тойымен аяқталады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?