Пикассоның шығармашылығы Астана төрінде. Бұлар Еуропа музейлерінен ғана көретін ең құнды суреттер. Пикассо ас-ауқаттың ақысын көбінесе майлықтарға салған суреттерімен төлейтін болған. Бүгінде олардың құны миллиондап саналады. Дәл қазір Астанада ұлы суретшінің 51 литографиясы қойылған.

