Алматы – тау
бөктеріндегі әдемі шаһар. Тас көшелеріне дейін мәдениеттің мәйегіне
айналғандай. Өйткені кейбір көшелер сахна кейіпіне еніп, ғажап өнер туындысымен
таңдандырады. Әйгілі «Тереңқұр» жолының бойында көше өнерінің ғажайыптарына куә
боласыз. Ұзындығы 420 метр болатын көне қабырғалар қайта жанданды: әр бөлігі –
қазақ әліпбиінің бір әріпі. 42 әріп, 42 суретші, 42 көзқарас. Бұл – жай ғана
ашық аспан астындағы галерея емес, бұл – Қазақстандағы стрит-арт жанрындағы ерекше
туынды.

