Жаңа Конституция Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

Жаңа Конституция Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

Қазақстанның жаңа Конституциясы қаржы институттарының тиімділігін арттырып, инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастырады, әрі институционалдық тұрақтылық негізінде ұзақ мерзімді жобаларға қаражат тарту жеңілдейді. Экономист Сапарбай Жобаев жаңа Ата заң Қазақстанның экономикалық өсіміне оң ықпал тигізеді деп отыр. Осы мақсаттағы негізгі жаңашылдықтың бірі – арнайы құқықтық режимдер құру мүмкіндігі. Бұл әлемдік тәжірибе бизнестің құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді.   

Сапарбай Жобаев, Экономист:

- Конституцияға реформалар енгіздік, алда жаңа конституция қабылдап жатырмыз дейміз. Бұл жерде Қазақстанның экономикасы жағынан қарайтын болсақ көбірек еркіндік, біздің кәсіпорындарға, квазимемлекеттік кәсіпорындар, компаниялар, банктер, оларға көбірек еркіндік беру мәселесі конституцияда қаралған. Ал енді, арнаулы аймақтарда арнаулы заңнамалар жүреді. Мәселен, жеңілдіктер. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?