Қазақстан үш бірдей халықаралық қаржы институтынан шамамен 1 млрд 300 млн доллар тартады. Қаржы көздері Азия даму банкі, Халықаралық қайта құру және Даму банкі, сонымен қатар Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі. Сенат олардан қарыз алу бойынша бекітілген келісімдерді мақұлдады. Депутаттар бұл жеңілдетілген тәртіппен берілетін қаражаттың қазынаға салмақ салған салаларды оңтайлы шешуге сеп болатынын алға тартады. Яғни, бюджет аясында қабылданған мемлекеттің барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол елдің әлеуметтік, инфрақұрылымдық және көлік бағыттарына жұмсалмақ.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Қаралған келісімдер маңызды жобаларды жүзеге асыру
мақсатымен әзірленді. Алдағы уақытта бұл заңдар еліміздің
әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына және негізгі стратегиялық басымдықтарын
одан әрі іске асырылуына өз септігін тигізеді деп сенеміз.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

