750 шақырым велосипедпен. Елордалық әуесқой спортшылар Нұр-Сұлтаннан Қостанай қаласына аттанды. Олар күн сайын 100-ден астам шақырымды артқа тастап, 6 күннен кейін ұлы ұстаздың туған жері Қостанайға жетуді жоспарлап отыр.
Велошеруге қатысушылардың дені – зейнеткерлер, ең үлкені 76 жаста. Алдымен велошерушілер Астрахан кентінде аялдайды. Ал келесі аялдама Атбасар ауданында, Жақсы және Октябрь ауылдары мен Әулиекөл кентінде болмақ. Содан соң қала іргесіндегі Ыбырай Алтынсарин кесенесіне барып, дұға бағыштап, оның есіміне берілген мектеп және мемориалдық музеймен таныспақ.
Айта кетейік, велошеру ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылды.