Қазақстанда Astana Hub пен Инновациялық
технологиялар паркін біріктіру ұсынылуда. Бұл еліміздегі
ақпараттық-коммуникациялық экожүйені дамытып, IT-стартаптардың халықаралық
технопаркінің табысты тәжірибелерін басқа инновациялық бағыттарға кеңейтуге
ықпал етпек. Мәжілісте инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін
жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге осы және басқа да
түзетулер ензізуге қатысты заң жобасы таныстырылды. Депутаттарға құжаттың
негізгі ережелерін еліміздің Цифрлық даму министрлігінің вице-министрі ұсынды. Қаныш
Төлеушиннің айтуынша, бұл ретте Азаматтық және Кәсіпкерлік кодекстерге,
сондай-ақ елдің 8 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Олар
4 негізгі блокқа топтастырылған. Ведомствоның мәліметінше, алғашқы екеуі екі
паркті қосып, қайта құруға қатысты барлық заңнамалық үрдістерін реттеу, сондай-ақ
оларды қаржыландыру және өзін-өзі ақтауға қол жеткізуді көздейтін тың өзгерістер
қамтылған.
Қаныш Төлеушин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі:
- Үшінші блок ақпарат пен қолдау шараларына қол жеткізуді орталықтандыруға мүмкіндік беретін инноваторлар үшін бірыңғай терезенің деректерімен толықтырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, венчюрлік қорларды бірлесіп қаржыландыруға бөлінген қаражаттың нәтижелерін тиімділігін бағалауға бағытталған венчюрлік нарықты дамыту жөніндегі төртінші блоктан тұрады. Цифрлық даму министрлігі екі негізгі бөлімнен тұратын Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесін құрды. Инновациялық қолдау порталы және цифрлық ғылыми портал.
Жеңіс Ермұқанов