Бұндай мүмкіндік аталған діни нысанының кез-келген субъектілеріне қызмет ету үшін Қазақстанға ұзақ уақытқа шетелден келген дін қызметкерлеріне беріледі. Бұған дейін ол үшін олардың банк шотында кемінде 1320 АЕК, яғни төрт жарым млн теңге болуы міндетті еді. Бұнымен қатар, тұрақты жерін растау талабы алынып тасталады. Енді оны Католик Шіркеуінің жазбаша растауы жеткілікті болады. Ел Мәжілісі осыны көздейтін заңды қабылдады. Депутаттар аталған құжат конфессияаралық келісімді нығайтуға, халықаралық деңгейде елдің құқықтық мемлекет ретінде абыройын арттыруға септігін тигізетініне сенімді. Айта кетейік, бұл келесімге былтыр Рим Папасы Францисктің Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған болатын.