Волонтерлік жұмысты мемлекеттік қызметке қабылданған кезде еңбек өтілі ретінде есептеу ұсынылып отыр. Сондай-ақ волонтерлікпен айналысатын студенттерге қосымша шәкіртақы төленеді. Мұндай толықтырулар Мәжіліс қарауына алынған волонтерлік қызмет туралы жаңа заң жобасында жоспарланып отыр. Сонымен қатар еріктілер үшін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар енгізу қарастырылуда. Бұған қоса халық қалаулылары волонтерлер мен қайырымдылық ұйымдарына жеңілдетілген шарттармен кеңселерді жалға беру мәселесін де қолдайтындарын жеткізді.