«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін
биыл ел қазынасынан 100 млрд теңге қарастырылды. Елді мекен тұрғындарына 17 мың
шағын несие беру көзделген. Бұл ауылды жерлерде жаңадан 18 мыңнан астам жұмыс
орнын ашуға мүмкіндік бермек. Үкіметте ауыл тұрғындарының табысын арттыруға
бағытталған бағдарламаны жүзеге асыру барысы қаралды. Қазір аймақтар бұл істің
басын қайыруға белсене кіріскен. Алайда оның шарапатын бәрі бірдей біле
бермейді, дейді премьер-министр. Әлихан Смайылов бұл мүмкіндікті халыққа
барынша жеткізуді тапсырды.
Айтуынша, екі жарым процентпен 5-7 жылға несие
рәсімдеу өте тиімді. Мұны азаматтар қалт жібермеуі керек. Үкімет басшысы бұл
ретте облыс әкімдіктеріне берілген қаражаттың толық игерілуін және бағдарламаның
көрсеткіштеріне қол жеткізуді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.