Вьетнам 15 наурыздан бастап шетелдік туристерге қойылған барлық шектеуді алып тастауға ниетті. Осылайша саяхатшылар жолға шығар алдында ПТР-тестін тапсырып, елге келгеннен кейін бір күн карантинде болуы шарт. Бірақ вакциналау анықтамасын көрсету өз күшінде қалады.
Еске сала кетейік, Вьетнам былтыр қараша айынан бастап пилоттық бағдарлама мен карантиндік шектеулерді жеңілдету саясаты аясында туристерге арнайы курорттарға баруға рұқсат берген. Ал шектеу шараларын жеңілдетудің жаңа жобасы елдегі коронавирустық аурудың өршуі кезінде пайда болғанын айта кеткен жөн. Мұнда өткен аптада ғана бірінші рет 30 мыңнан астам науқас тіркелді.