Қостанайлық омарташылар экотуризмді дамытуға үлес қосуда. Мұндағы ормандарда көпшілік келіп тамашалайтындай ара ұялары қойылды. Ол адам аяғы баса бермейтін орман алқабында орналасқан. Бұл жерде сапалы бал алудың құпиясымен таныстырып, түрлі ем-дом жүргізіледі.
Сергей Петров, омарташы:
- Біздегі ара шаруашылығы толық органикалық негізде жұмыс істейді. Біз сөзбен айтқанда ешқандай химиялық қоспасыз, экологиялық омарта. Бұл жердің орман, өсімдік алабы ешқашан пестицид, гербицидтермен өңделген емес. Сондықтан балымыз табиғи, таза.
Экотуризмнің жаңа түріне қызығушылық танытушылар аз емес. Олар табиғи таза бал дәмін татып қана қоймай, жергілікті табиғаттан да алар әсері мол.
Геннадий Романюк, турист:
- Алқаптардың химиялық қоспасы жоқ тазалығы қайран қалдырды. Қазіргі кезде бұл – сирек кездесетін жайт. Балдың дәмін татып көрдім. Басқалардан ерекшелігі бар.
Ара омарталары бар жатын орындардың емдік қасиеті бар. Жатқан адам омартадан сезілетін жылу, тербеліс, жұпар иістен жақсы әсер алады. Жабайы көк шалғындағы ара шаруашылығының жұмысымен жақын танысуға өзге өңірілерден де омарташылар келеді. Олар да экотуризмді дамытпақ.