Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі өтті. Қала тұрғындары мен
қоғам қайраткерлері есімдері ел шежіресінде жазылғандарды еске алды.
Саясаттанушылардың пікірінше, азаматтық қоғам негіздерін құру - тәуелсіз Қазақстанның
негізгі жетістіктерінің бірі. Бүгінде елімізде қоғамдық кеңестер мен азаматтық
альянстар белсенді дамып келеді. Бірлестіктер өзара іс-қимылдың маңызды
құралдарына айналды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының
маңыздылығы арта түсті. Бұл биліктің азаматтар алдындағы ашықтығы ғана емес,
тұрғындар тарапынан да белсенді үн қосуы.
Қайыржан Әбдіхалықов, Саяси ғылымдар докторы:
- Осы тұжырымдамаға сәйкес бізде әкімдердің сайлануы, ауылдық округтердің
әкімдерінің сайлануы енгізілді және 2025 жылдың 1 қаңтарында барлық республика
бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерінің сайлануы
енгізіледі. Бұл мерекеде береке-бірлік сипаты да анық көрінеді. Сондықтан, 1991
жылғы 16 желтоқсанда сол Жоғарғы Кеңесте депутаттар арасында тек қазақ халқының
өкілдері ғана емес, Қазақстан Республикасында тұратын барлық этникалық
топтардың өкілдері болды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан елеулі табыстарға жетіп, әлемдік аренада өз
ұстанымын нығайтты. Республика беделді халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесі
ғана емес, сонымен қатар бірқатар әлемдік бастамаларға түрткі болды. Оған қоса,
Қазақстан адамзаттың ең өзекті мәселелері мен жаһандық сын-қатерлер
талқыланатын алаңдарды ұдайы ұсынады. Қазақстандықтар ел тарихында жаңа кезең
ашқан атаулы датаға үлкен мән береді.
- Өз дауысы, өз құқықтары
мен мақсат-мүдделері бар және халықаралық аренада беделді, әлемде жаһандық
бастамаларымен танылған, яғни өз бағыт-бағдары бар егеменді мемлекет болдық.
- Мен Қазақстанда
дипломатиялық, өзіне сенімді, эрудициялы Президенттің пікірін құрметтеймін.
Жалпы алғанда, бұл кез келген ел үшін өте маңызды оқиға, ол кезде мемлекеттік
шекаралар бекітіліп, ұлттық басымдықтар күшейтіледі.
- Конституцияға
сәйкес адамға толық еркіндік берілген, Әрбірі өз құқықтары мен мүддесін қорғай
алады. Сөз бостандығы қамтамасыз етіледі.
- Ең
бірінші әрине егемендігіміз. Халқымыз қазақ тілін қайта нығайтып, қазақ тілінің
деңгейі халық арасында өсіп келеді
- Айтатын болсақ, әрине, әлемдік жұлдыздарымыз көп. Димаш болсын, Головкин болсын, Шавхат шығып келе жатыр. Бұл әрине жетістік. Бірақ мен қалар едім, қазақтан бір данышпан, мықты ғалымдар шықса деп. Өйткені, елді алға жылжытатын тек ғылым адамдары.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

