Алматы облысында «G4 City» жаңа шаһары пайда болады. Оның құрылысына Қазақстан мен Сингапур бірігіп атсалысады. Мегаполис Алматы-Қапшағай тасжолы бойында орналасады. Ол іскерлік және қаржы орталығы, медициналық, өнеркәсіптік және логистикалық хаб, туризм және ойын-сауық сынды төрт ауданнан тұрады.
«G4 City»-ге арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі. Халықаралық әуежай салып, Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарда бар. «G4 City» Орталық Азиядағы жаңа экономикалық хабқа айналып, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялардың одан әрі өсуіне елеулі серпін береді деп жоспарланып отыр.
Вонг Хеанг Файн, «Surbana Jurong Group» бас директоры:
- Біз бұл жобаға ерекше мән беріп отырмыз. Осылайша мұнда жұмыс істеуге, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамақпыз. Бұл қалада 2 млн адамға арналған тұрғын үйлер кешенін саламыз. Барлығын жұмыспен қамтимыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаға үлкен қолдау көрсетіп отыр.