Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 30 млрд долларға жуықтады. Аталған мемлекет Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша көшбасшы елдер қатарында. Соңғы 20 жыл ішінде ресейлік тікелей салымдар көлемі 28,5 млрд долларға жетті. Былтыр 9 айда көршімізден 2 млрд доллардан астам қаржы тартылды. Ал біздің ел Ресей экономикасына 9 млрд доллар құйған. Қазақстанның Премьер-министрі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Олжас Бектенов пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Михаил Мишустин сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика және көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру барысын қарады. Бұдан бөлек тараптар экология мәселелеріне тоқталып, Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және табиғатты қорғау бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдарға да назар аударды. Михаил Мишустин қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?