Неліктен туристер жолдың ұзақ әрі күрделі екеніне қарамастан Үлкен Алматы көліне ағылады? Оның сиқыры тек көлемінде ме? «Аюсай» визит-орталығы демалушыларды несімен таңғалдыра алады? Осы сұрақтарға «Қазақстанға қош келдіңіз!» жобасының жаңа шығарылымында жауап береміз.
Географиялық өлшем бойынша Үлкен Алматы көлі жақында ғана пайда болды. Өкінішке қарай, оның болашағы бұлыңғыр. Таудан түскен сел немесе кез келген сейсмикалық белсенділік табиғи тепе-теңдікті бұзып, қазіргі ландшафтты бір мезетте өзгерте алады. Бұл таңғажайып мекенді өз көзімізбен көріп үлгеру – бізге берілген бірегей мүмкіндік. Мұндай тамаша мүмкіндікті әрине, пайдаланып қалу керек.