Ядролық соғысқа дайындық қайда өтті? Жүзден астам атомдық жарылыс жасалған аумақтың қазіргі сиқы қандай? Постапокалиптикалық тақырыпты сүйетін туристерге қайда бару керек?
Семей ядролық сынақ полигонының аумағы – 18 жарым мың шаршы километр. Тәжірибелер жасалған аумақ – оның ең үлкен бөлігі болмаса да, ең қызықтысы. Соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде мұнда бір де бір жарылыс болған жоқ, ал уақыт өте келе туристік маршруттар пайда бола бастады.