Айша бибі туралы ондаған аңыздарды өзара біріктіретін не? Неліктен екі ежелгі кесене бір сызықтың бойында орналасқан және оларды қандай аңыз байланыстырады? Түркілердің исламды қабылдауына ықпал еткен кім? Қарахандар әулетінің астанасы Тараз қаласында нендей археологиялық қазыналарды көруге болады? Бұл сұрақтарға жауаптарды «Қазақстанға қош келдіңіз!» жобасының жаңа шығарылымында іздейміз.
Айша-бибі кесенесі - таңғажайып әдемі құрылыс қана емес, туристерді аңызға айналған кезеңмен байланыстыратын бірегей нысан. Өйткені, Айша бибіні ертегі кейіпкері деуге болады. Ғалымдардың айтуынша, ол туралы аңыз-әңгіменің шамамен 30-дан астам нұсқасы бар.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін Айша бибі шейхтің қолында тәрбиеленеді. Күндердің бір күні оған Тараз билеушісі Қарахан құда түскен. Шейх қыздың тұрмысқа шығуына рұқсатын бермеді. Айша бибі үйден қашып, Таразға жасырын түрде кетіп қалады. Бірақ, жолда Аса өзенінің жағасында жылан шағып алып, қайтыс болды.
Кесене қараханидтер дәуіріне жатады. Бұл ұзындығы 7,5 метрден асатын төртбұрышты құрылым. Кіреберісі шығыс жағында орналасқан. Кесененің қабырғалары үш бөліктен тұрады: ішкісі - күйдірілген кірпіштен қаланған, сыртқысы - терракоталық плиталардан, ал ортаңғы бөлігі балшық және плита сынықтарымен толтырылған.
Айша бибі кесенесінің ерекшелігі – ою-өрнекпен көмкерілген тақтайшалар. Олар зооморфикалық стильде жасалған және күн таңбалары, геометриялық фигуралармен әшекейленген. Мұның бәрі бір композицияны құрайды.
Кесене архитектурасының тағы бір ерекше элементі – бұрыштардағы бағаналар. Бүйірлерінде жартылай бағаналар орналасқан. Олардың жоғарғы бөлігі құмарыларға ұқсайды. Батыс жақтағы бағаналарда 3,5 метр биіктікте жазбалар бал. Бұл куфа стиліндегі араб жазуы. Жылдар өте келе олар өшірілген, бірақ "күз", "бұлттар", "өмір керемет" деген сөздер әлі де оқылады.
Егер сіз Айша-бибі ауылына барсаңыз, жолым болды дей беріңіз. Өйткені мұнда тағы бір ерекше сәулет ескерткіші – Бабаджа қатын кесенесі орналасқан. Аңыз бойынша ол Айшаның адал серігі болған. Бибі қайтыс болғаннан кейін, ұзақ жылдар бойы кесенесінің шырақшысы болды, қалған ғұмырын осында өткізген деседі. Ал қайтыс болғаннан кейін, Бабаджа қатын Айша бибіден 20 қадам жерде жерленеді.
Ең қызығы, екі кесененің шығыс қасбеттері бір сызықтың бойында орналасқан. Басты қасбетте "бұл Бабаджа қатынның кесенесі. Оны тұрғызған..." деген сөздер жазылған. Әрі қарай жазу өшіріліп қалған.
Кесене текше пішінді, қабырғаларының қалыңдығы 123 сантиметрге жетеді. Қасбеттің қабырғалары арка тәрізді терезелермен және ойықшалармен безендірілген. Терезелердің үстіңгі бөлігінде кірпіштен қаланған шеңберлер жасалған. Негізгі қасбеттің басты ерекшелігі - жақтаушаның болуы. Мазардың күмбезі сүйір етіп салынған.Тараз қаласы туралы көптеген тарихи жазбалар бар. Х ғасырда араб тарихшысы Аль-Макдиси былай деп жазады: "Тараз қаласы - бау-бақшаға бай, қоршалған қала. Оған 4 кіреберіс бар. Қаланың орталығында базар бар, ал базардың қақ ортасынан мешіт көрінеді". Тарихшы ерте ислам мешітін сипаттаған, ол бүгінге дейін сақталған.
Кесене тау етегінде, өзен жағасындағы төбешікте орналасқан. Бұл ерекше жер. Археологтардың мұнда әртүрлі дәуірлерге жататын діни ғимараттар мен қабірлердіің қалдықтарын тапқан. Олар әр алуан: бірі зороастрлық, екіншілері ортағасырлық христиан, енді бірі ислам дініне жатады.
Тараз кесенелерін аралау үшін Жамбыл облысының орталығына пойызбен немесе Әулие Ата халықаралық әуежайына ұшақпен жетуге болады. Айша бибі мен Бабажы қатын кесенелері Тараздан оңтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан.
Таразда кесенелер мен мазарлар қаншалықты көп болса, олардың пайда болуы туралы аңыз-әңгімелер соншалықты көп. Сондықтан, 100 рет естігенше бір рет көзбен көріп келген артық. Ал оралған соң, туған-туыс, дос-жаранға Тараз шаһарға жасалған керемет саяхат туралы ауыз толтырып айтқанға не жетсін?!