Абай – кез келген қазақстандық үшін ең маңызды есімдердің бірі. Ақын және ағартушы ұлы дала аспанымен метеордай ұшып өтіп, өзінен кейін бай мұра қалдырды. Бұған Жидебайдағы Абайдың музей-үйін аралай жүріп, көз жеткізуге болады.
Алғашқыда бұл қыстау Абайдың інісі Оспанның меншігінде болған. Үй оған Құнанбайдан мұра болып қалады. Бірақ 1892 жылы Оспан қайтыс болып, Абай қазақтың ежелгі әмеңгерлік салтын орындайды. Заң бойынша, ол марқұмның жесіріне үйленіп, оған қамқорлық жасауы керек болды. Осылайша, Абай өмірінің соңғы 10 жылын Жидебай қонысында өткізді.
Ең басты туындыларын Абай қайда жазды? Қандай аңыз әңгімелер оның есімімен байланысты? Жидебай қонысы несімен ерекше?