Бюджетке түсімдер аяқ киім бойынша 3 есе, дәрі-дәрмектер бойынша 2 есеге
жуық өскен. Бұл елімізде тауарларды таңбалаудың цифрлық жүйесін енгізудің нәтижесі. Ол нарықтың ашықтығын арттыруға,
тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді және ЖІӨ-дегі көлеңкелі
экономиканың үлесін төмендетуге ықпал етеді. Бұл туралы Инвестициялық ахуалды
жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында белгілі болды. Ел Премьер-Министрі Олжас
Бектеновтың төрағалығымен өткен жиынға халықаралық бизнес-қоғамдастық пен
дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Айтуынша, қазір Қазақстанда таңбалауды
енгізу үшін барлық жағдай жасалған: таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі және
оларды 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде кезең-кезеңімен енгізу
мерзімдері бекітілген. Бұдан бөлек, 2030 жылға дейінгі сауда саясатының тұжырымдамасы
әзірлеу жұмыстары жүруде. Бұның бәрі елдің инвестициялық тартымдылығын
арттырады.

