Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті
отырысы өтті. Жиында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспарына сәйкес мониторингтің
бесінші раундын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы және халықаралық стандарттарды енгізу арқылы
құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы
баяндады. Жиын соңында Ерлан Қарин беделді халықаралық ұйыммен байланысты одан
әрі нығайтуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

