Үкіметте Алатау Қ. инвестициялық жобаларды іске асыру келешегі талқыланды

Үкіметте Алатау Қ. инвестициялық жобаларды іске асыру келешегі талқыланды

Қазақстан Премьер-Министрі CAMCE компаниясының басшысымен Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады. Қос тарап Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына капитал тарту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде кездесті. Компания Президенті Ли Хайсин шаһардың көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын дамыту саласындағы инвестициялық ынтымақтастық әлеуеті туралы бірқатар ұсыныс айтты. Бұл ретте «Орта дәлізді» дамыту аясындағы әріптестікке ерекше назар аударылды. Өз кезегінде Олжас Бектенов соңғы алты жылда елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 130 млрд долларға жеткенін атап өтті. Оның ішінде отандық шикізаттық емес секторға сырттан құйылған қаражат АҚШ валютасында 73 млрд-қа жуықтаған. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға компанияның инвестициялық ұсынысын пысықтау тапсырылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?