Сарапшы: жаңа Конституция Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

Сарапшы: жаңа Конституция Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады

Конституциялық реформалар Қазақстанға соңғы өзгерістер мен халықаралық сын-қатерлерге бейімделуге мүмкіндік береді. Мұны неміс қаржы сарапшысы Штефани Майер-Зидоу мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы онжылдықта еліміз үздіксіз дамыды және қазіргі реформалар экономикалық өсімді жеделдетуге қауқарлы. Ал құқықтық кепілдіктер мен ашықтықты күшейту инвесторлар үшін елдегі жағдайды анағұрлым түсінікті етеді. Бұл сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға оң ықпал тигізбек.


Штефани Майер-Зидоу, Jebsen & Jessen Industrial Solutions GMBH компаниясының сату жөніндегі директоры:

- Мен Қазақстанда қаржы саласында 25 жылдан бері жұмыс істеп келемін және мәмілелер көлемінің ұлғайып, жобалардың барған сайын қызықты бола түскенін көріп отырмын. Қоғамның қалай өзгеріп жатқанын байқаймын. Ел ашық және әлемге одан әрі ашылып келеді. Ашықтық – бизнестің дұрыс бағытта дамып жатқанына сенімді болу үшін өте маңызды. Өйткені халық үшін ең маңыздысы – дәл осы экономикалық жетістік.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?