Үкіметте 2024 жылы 16 заң жобасы әзірленеді

Үкіметте 2024 жылы 16 заң жобасы әзірленеді

Үкіметте келесі жылы 16 жаңа заң жобасын әзірлеу көзделген. Оның тең жартысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Атап айтқанда, олар – цифрлық технологияларды, әлеуметтік саланы, зияткерлік меншік саласын, инновациялық қызметті, ғарыш саласын және басқа да салаларды дамыту сияқты өзекті бағыттар. Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі мәлімдеді. Азамат Есқараев тиісті жоба жоспарымен таныстырды. Министр сондай-ақ Парламентке 4 тәуелсіз заң жобасын енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Оның ішінде цифрлық код бастамасы да бар. Ол цифрландыру саласындағы ортақ тәсілдерді айқындап, отандық және озық әлемдік тәжірибелерді ескереді.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
-
Осылайша, Жоспар жобасы мемлекеттік реттеудің өзекті міндеттерін шешу үшін қажетті заң жобаларын қамтиды және мемлекет дамуының саяси бағытымен сәйкес келеді. Жоспар жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес Жоспардың жобасын Мемлекет басшысымен келісуге жіберу ұсынылады.