Қазақстан Президенті Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол
жеткізілген Газа секторындағы
қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату
туралы келісімді қолдайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды. Қасым-Жомарт
Тоқаев Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын,
сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент
Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті.

