Қазақстанда 11 жаңа өндіріс іске қосылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Агроөнеркәсіптік кешен жобаларын жүзеге асыруға инвесторлар шамамен 22 млрд теңге жеке инвестиция салады. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 792 млн дана жұмыртқаны құрайды. Нысандар 2026 жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Айта кетейік, құс фабрикалары Ұлытау, Жетісу, Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында пайда болады. Бұдан өзге, салалық ведомствоның мәліметінше, елімізде қуаттылығы жылына 29 мың тонна құс етін құрайтын 220 фабрика іске қосылады деп күтілуде. Нысандарды 12 өңірде келесі жылы тапсыру жоспарланып отыр.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

