Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап тиісті заң күшіне енді. Бұдан былай майнингтік фермалардың меншік иелері криптовалюталық платформалардың жұмыс істеуі үшін пайдаланылған электр энергиясының әрбір киловаты үшін 1 теңге төлейді.
Нұрлан Қапенов, «Qazaq Green Technology» ЖЭК қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы:
- Бүгінгі таңда Энергетика министрлігі Мемлекет басшысымен бірлесіп дұрыс шешім қабылдады. Яғни жаңа техникалық шарттар беруді шектеді. Десек те тіркеуден өткен, салық төлейтін және осы уақытқа дейін техникалық шарттарды орындап келген майнерлерге ферма құрылып, инвестиция салынып, жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Олар электр энергиясын басқа көршілес мемлекеттерден импорттауға дайын болса, арнайы опция қосылады.