Жарты жыл ішінде отандық әуе компаниялар 4 млн-ға жуық жолаушыны тасымалдады

4 млн-ға жуық жолаушы. Ағымдағы жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялар осынша адамды тасымалдаған. Оның ішінде ішкі желілерде 3,5 млн, халықаралық желілерде 484 мыңнан аса жолаушыны діттеген жеріне жеткізген. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

1 жыл бұрын COVID-19 пандемиясына байланысты ұшақпен ұшатын жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі байқалды. Осылайша былтырғы 12 айда отандық әуе компаниялардың қызметіне 5 млн-нан аса адам жүгініп, саяхаттаған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 27% төмен. Ал биыл жолаушылар ағыны 2019 жылғы 7 млн  көрсеткіштен асады деп болжанып отыр.