Түркістанда 100 жыл бойы ұмыт болған егіншілердің тарихи асы әзірленді

«Әлім ботқасы» деп аталатын тағам ертеректе егіншілікпен айналысқан шаруалар арасында кеңінен танымал болған. Көне астың шығу тарихы да тереңде жатыр дейді ғалымдар. Бір деректерде қалім, әлім ботқасы деп аталса, енді бірінде атала көже деп көрсетілген. Тарихи асты өзіндік әдісімен әзірлеуден өзге түрлі наным сенімдер қалыптасқан. Тағам қазаннан құйылмас бұрын қариялар бата берген.

Айко Төкен, ұйымдастырушы:

- Тарихшылардан кеңес алып, енді осы дәстүрді қайта жаңғыртып жатырмыз. Енді хәлім асын тарату аптасына екі рет өтеді. Негізі дәстүр бойынша жұма мен дүйсенбі күні өткізілген 500 жыл бойы. Бірақ енді біз туристерге қарап, жұма күні зияратшыларға сенбі күні туристерге арнап жасаймыз.