Ғарышта алғаш рет кино түсіріледі

Ғарышта алғаш рет кино түсіріледі

Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан адамзат тарихындағы алғашқы киноэкипаж ғарышқа аттанды. «Союз МС-19» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкер Антон Шкаплеровты, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенконы жеткізді. Ұшу уақыты 3 сағат 27 минутты құрады. Ғарыш кемесі станцияға аса жедел схема бойынша жеткен. Экипаж станция бортына аман-есен өтті. Жалпы онда ғарышкердің өмірін құтқару үшін орбитаға аттанған дәрігер әйел туралы фильм эпизодтары түсірілмек. Актерлер ғарышта 12 күн болады. Мамырдан бастап арнайы орталықта дайындықтан өткен киноэкипаж жоспар бойынша 17 қазанда қазақ жеріне оралуы тиіс.