Түркістан өңірінде ежелгі жауынгердің сүйегі табылды

Түркістан өңірінде ежелгі жауынгердің сүйегі табылды

Түркістан өңіріндегі Күлтөбе қалашығынан қаңлы дәуіріне тиесілі жауынгердің сүйегі мен көне қару-жарағы табылды. Қылышжар қорымында археологиялық қазба кезінде мамандар ұзындығы 1 метрден асатын көне семсер мен қанжар тапты. Ғалымдардың айтуынша, бұл қару «акинак» деп аталады. Ал, оның иесі 35-40 жас шамасындағы ер адам болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. Мамандар тарихи олжаның маңызын ерекше атап отыр. Себебі мұндай құнды жәдігерлер осы аймақтан соңғы 25 жылда алғаш рет табылған. Жерлеу рәсімінің ерекшелігі қаңлы дәуіріне тән екенін көрсетеді. Жәдігерлер ғылыми сараптамаға жіберілді.

Қайырхан Шартақов, «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығының кіші ғылыми қызметкері:

- Күлтөбе қалашығы Қылышжар қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп келеміз. Ең басты керегі өзіміздің өңірімізден табылып жатқан заттарды, тарихымызды кең көлемде насихаттап, өңірлік мұражайларға барлығын тапсыру. Сол заттарды республикалық көлемде үлкен деңгейде насихаттау мақсатымыз сондай болып келеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?