Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін бірлесіп зерттеуде

Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін кешенді зерттеумен айналысады. Тараптар тиісті меморандум мен үш жақты келісімге қол қоюға ниетті. Су ресурстары және ирригация министрлігі Француз даму агенттігімен, сондай-ақ Геологиялық және тау-кен зерттеу бюросымен бірлескен жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар екі ел жер асты суларының мониторингі мен барлауында өзара іс-қимыл жасайды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрінің Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесу  барысында белгілі болды. Айта кетейік, Қазақстан мен Франция уағдаластықтарды желтоқсан айында бірлесіп өткізетін One Water саммитінде талқылауға ниетті.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі: 

– One Water саммитінде біз Қазақстандағы су қоймаларын, аатап айтқанда Каспий теңізі, Балқаш, Солтүстік Аралды сақтау мәселесін көтереміз. Бүгінде біз Франциядағы әріптестерімізбен тығыз байланыстамыз. Тіпті мемлекеттік сапар кезінде де біз бұл елмен бірлесіп ,екі меморандумға қол қойюды ойластырып отырмыз. Аталған келісімдер біздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды жалғастыруға үлкен серпін береді деп ойлаймын.

Айта кетейік, француз компаниялары Қазақстанда су қоймаларын, каналдарды және басқа да құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобаларына қатысуға мүдделі. Сондай-ақ су ресурстарын басқарумен айналысатын кәсіпорындар да қызығушылық танытуда.

Авторы Әсел Күшенғалиева