Қазақстанда табиғи қазбаларды
пайдалану саласында CRIRSCO стандарттарын енгізуге дайындық жүріп жатыр.
Үкіметтегі арнайы жиын барысында Премьер-министр жаңа кен орындарында бірден
осы стандарттарға өту керектігін айтты. Сонымен қатар Әлихан Смайыловтың
айтуынша, қазір өндіріске дайындалып жатқан кен орындары бойынша Мемлекеттік
комиссия жұмысын жалғастыру қажеттігін тілге тиек етті. Одан бөлек,
Премьер-министр KazRC стандарттары бойынша есеп беретін мамандардың
жауапкершілігін бақылауды, тіпті, қажет болса қылмыстық жауапкершілікке тарту
мәселесін қарастыру керектігін де жасырмады. Айта кетсек, CRIRSCO – табиғи
қазба байлықтар туралы ашық мәлімет беруге арналған халықаралық комитет. Оған, Аустралия, Канада,
Ресей, Түркия, Үндістан, Жаңа Зеландия мен Еуропа, Африка, оңтүстік Америка мен
Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар мемлекеттері мүше. Отандық KAZRC стандарттары CRIRSCO-ға
2016 жылы қабылданды. Ал, халықаралық стандарт елімізде 2024 жылдан бастап
күшіне енуі тиіс. Бұл, өз кезегінде Қазақстанға шетелдік инвестиция тартуға
көмектеседі.