Үшарал әуежайында қосымша терминал іске қосылады. Қазір оның құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Қолда бар инфрақұрылымды ескере отырып, нысандар сағатына 125 жолаушыға қызмет көрсетеді деп күтілуде.
Айта кетейік, ұшу-қону жолағы қайта жөнделгеннен кейін қазір әуежай ірі әуе кемелерін де қабылдайды. Бүгінде мұнда Астана, Алматы және Талдықорған қалаларынан рейстер ұшады. Нысан демалушылар ағынының тұрақты өсуін ескере отырып, туризмді дамыту үшін ерекше мәнге ие. Өткен жылы өңірге 2 млн адам келді, 3,5 млрд теңгенің 17 жаңа туристік нысаны іске қосылды. Саланы одан әрі дамыту үшін жақында жұмыс сапарымен Жетісу облысына келген Үкімет басшысы инвестициялар тарту және тиісті инфрақұрылым құру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.