Түрікменстанда Өзбекстан мәдениетінің күндері өтті

Түрікменстанда Өзбекстан мәдениетінің күндері өтті

Түрікменстанда Өзбекстан мәдениеті күндері өтті. Ашхабадта аталған шараға қатысушылар өзбек шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнерімен танысты. Оның аясында көпшілік назарына алтын мен жібек жіппен кестелеу үлгілері, ұлттық киімдер, ағаш және металдан жасалған, сондай-ақ ерекше зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар ұсынылды. Бұның бәрі Өзбекстанның бай мәдени мұрасын кеңге насихаттауды көздейді.

Акмар Мухутдинов, қолөнер орталығының өкілі:


- Бұл көрмеде біздің орталықтың өнімдерімен танысуға болады. Мысалы, кең танымал табиғи материал - сабаннан жасалған бұйымдар ұсындық. Шеберлер одан сан қырлы картиналар жасайды. Бұл материалдан шыққан туындылар мыңдаған жылдар бойы өз өңін  сақтайды. Сабанмен жұмыс істеу көне дәуірден бастау алғанын атап өткім келеді. Біз оны қайта жаңғыртумен айналысамыз.


Өзбек әншілері, музыканттары мен фольклорлық-би ұжымдарының әртістері де өз өнерлерін ортаға жайып салды. Әуенді де әуезді бағдарлама бірнеше сағатқа жалғасты.


Баходир Ахмедов, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрінің бірінші орынбасары:

- Біз үлкен концерттік бағдарлама ұсындық. Өнер ұжымдарымыз ән айты, биледі. Сахна саңлақтарын Түрікменстан халқы жылы қабылдап, қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіргім келеді. Бұл төл өнеріміз бен дәстүрлерімізді насихаттауға шабыттандырады.

 

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?