Мемлекет басшысына Мәдениет және Ақпарат Министрі Аида Балаева креативті индустрияны дамыту, кино және кітап салаларын жетілдіруге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары, ведомствоны қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берілді. Кездесу соңында Президент министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.