Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 300 орындық
жаңа мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді. Ауданның 85 жылдық мерейтойына
тұспа-тұс келген жаңа білім нысанының ашылуы шалғайдан барып-келіп оқитын
оқушылар мен ата-аналардың қуанышын еселеп отыр. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Жамбыл облысында биыл 25 білім нысанының құрылысы жүріп
жатыр. Жыл соңына дейін жаңа 9 мектеп сондай-ақ 5 мектепке жапсарлас салынған
нысан пайдалануға беріледі. Ал бүгін Құлан ауылында тоғыз ай бұрын құрылысы
басталған заманауи жаңа мектеп ашылды.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
-Бүгінде облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайып,
жаңа мектептер салынып, апатты, үш ауысымды, орын тапшылығы бар мектептердің
мәселесі рет-ретімен шешімін тауып келеді. Бұл өз кезегінде білім сапасының
айтарлықтай жетілуіне септігін тигізуде. Ағымдағы жылы білім беру жүйесіне
284,8 млрд. теңге қаржы бөлініп, өткен
жылмен салыстырғанда 18 пайызға артты.
Жаңа білім ошағында 12 оқу бөлмесі , зертхана кабинеті,
кітапхана, мәжіліс және спорт залымен асхана да бар. Жылу жүйесі газбен
жабдықталған. Мектеп білім бұлағы болса,
блім өмір шырағы болып есептеледі.
Қожайхан Бижанов, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Президент Қасым-Жомарт Кемеұлы Тоқаевтың негізігі
тапсырмаларының бірі мектеп салу. Біздің ұрпағымыздың білімін көтеру болып
есептеледі. Қазіргі заман білім
заманы. Білімдіге жол ашық. Сондықтан шырақтары жана берсін демекпіз.
Келесі жылы аймақта тағы 11 нысанның құрылысы аяқталады. Одан бөлек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынып жатыр.