Адай жылқысы Қазақстанның ұлттық бренді ретінде танылды. Республиканың Әділет министрлігі еліміздің селекциялық жетістігі ретінде алты жаңа тұқымды патенттеді. Бұл адай тұлпарлары тұқымның сапасы мен сипаттамаларын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар туризмді дамытуға да ықпал етеді,- деп хабарлады бейінді ведомство. Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапарының қорытындысы бойынша Үкіметке Адай тұқымының жылқысын ғылыми тану және өсімін молайту бойынша жедел жұмыс жүргізу тапсырылды.