Қазақстанда цифрлық майнинг үшін жаңа сараланған ставкалары белгіленді. Прогрессивті шкала келер жылдың қаңтарынан бастап қолданылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Еске салайық, бұған дейін цифрлық валюта өндірушілері үшін тариф бірдей, яғни 1 киловатт-сағат үшін 1 теңге болатын. Басқарма өкілдерінің айтуынша, енді төлемақы қолданған электр энергиясына байланысты төленеді. Тиісті құрылғымен тұтынылған энергияны саралауға болады. Мұндай құрылғы болмаса немесе олар ақаулы күйде болса төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 25 теңге ставкасымен есептеледі. Сондай-ақ бір мезгілде түрлі ставкаларды қолданудың бірнеше негіздері туындаса, төлемақының ең жоғары ставкасы қолданылады.
Айнур Сартаева, Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары:
– Арзан электр энергиясын қолдану кезінде жоғары ақы мөлшерлемесі есепке алынады. Оның ең жоғары шкаласы 25 теңге. Ал қымбат энергия пайдаланылса басқа баға яғни 1 киловат сағатқа 24 теңге мөлшерінде ақы төленеді. Ең төменгі төлем 1 теңге де сақталып қалады. Егер баламалы энергия, яғни жасыл қуат қолданылса ғана осы көлемде төлеуге болады. Өз электр энергиясын қолданған жағдайда төлем 1 киловат сағатқа 10 теңгеден есептеледі.