Төрт тілді тең меңгерген қазақ баласы жаһан жұртын тәнті етті. 11 жасар Бекнұр Жәнібекұлының әлемге танымал блогер Юджи Белезаға берген сұхбаты желіде миллиондаған қаралым жинаған. Қол-аяғы болмаса да, көптен озған жеткіншек қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлейді. Болашақта жапон жігіті Юджи секілді он тілде еркін сөйлеуге талпынып жүр. Бекнұрдың анасы екеуі бірден тіл табысқанын айтады.
Зәуре Бектемісова, Бекнұрдың анасы:
– Шет тілдерін үйрену барысында сол елдің мәдениетіне де терең бойлайсың. Ұлым тіл үйрену арқылы білім көкжиегін кеңейтіп жүр. Тілді үйрене жүріп сол ел туралы көп оқиды, соның пайдасы тиіп жатады.
Бекнұр білім мен өнерді қатар алып жүрген жеткіншек. Ол ағылшын тілінен халықаралық олимпиаданданың жеңімпазы. Eurovision-2021 ән байқауына қатысып, ақтық сынға қатысқан 19 мемлекет өкілі арасында 8-ші орынға ие болды. Мықты жігері мен өмірге талпынысы бүгінде көп адамға үлгі болып жүр.
Бекнұр Жәнібекұлы, оқушы:
– Алты жасымнан ән айтып бастадым. Евровидениеге әкем апарды. Мүмкін емес нәрсе жоқ! Қол-аяқ жоқ болса да, бәрі мүмкін! Мақсатқа жетуге болады.