Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Президенті АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың орнықты өсіміне назар аударылды. Мемлекет басшысы жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты. Стив Дэйнс Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ықыласын жеткізді. Сенатор Қазақстанның жаңа Конституция қабылдағанына ерекше тоқталып, Негізгі заңға арқау болған қағидаттар мен құндылықтар елімізді қуатты әрі озық мемлекет ретінде одан әрі жаңғыртуға берік негіз қалайтынына сенім білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?