Қазақстанға шетелден келетін инвестициялар көлемі артты

Қазақстанға шетелден келетін инвестициялар көлемі артты

Өткен жылы елімізге 23 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 38 процентке көп. Еліміздің сыртқы істер министрлігі мәлім еткендей, отандық экономикаға инфузия көлемі бойынша көшбасшылықты Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Ресей және Қытай ұстап тұр. Екінші бестікте - Бельгия, Ұлыбритания, Корея, Түркия және Франция кіреді. Шетелдік инвесторлар негізінен ауыл шаруашылығына, кәсіби, ғылыми-техникалық салаларға, ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ электрмен жабдықтау салаларына инвестиция салады. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде инвестицияның айтарлықтай өсуі байқалады.