Омбыда суретші Амангелді Шәкеновтің көрмесі ашылды

Ресейдің Омбы қаласында суретші Амангелді Шәкеновтің көрмесі ашылды. «Эрмитаж-Сібір» орталығында орналасқан көрмеде қылқалам шеберінің ең алғашқы «Жайлау» дипломдық жұмысынан бастап, өмірінің соңында жазылған «Бата» туындысын қоса алғанда 50-ге жуық көркем және графикалық шығармалары көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар «Либеров-центр» мұражайында сақталған суреттер мен  отбасының коллекциясынан алынған бірнеше картина қойылды. «Амангелді Шәкеновтың шығармашылығы Қазақстан мен Ресейдің заманауи көркем өнерінің дамуына зор үлес қосты», - дейді ұйымдастырушылар. Суретші Ресейде тұрса да, өзінің атажұртын, оның дәстүрі мен табиғатын шығармаларына арқау етті.  

Асқар Раисов, Омбы тұрғыны: 

– Егер оның өз ісіне, өзінің атажұртына деген махаббаты туралы айтар болсақ, екі ел мәдениетінің көпірі деп баға берген әріптестерінен асыра алмаспыз. Бұған суретшінің еңбектері дәлел. Ол қазақтың кең-байтақ даласын, тауын, өнерін әсерлі, шынайы суреттей алған өз ісінің нағыз шебері болды. 

Торғын Ашенова, «Омбы қазақтары» журналының бас редакторы 

– Биыл үш үздік көркемдік-графикалық факультеттің студенттеріне Шәкенов атындағы стипендия сыйланды. Ол үлкен шара деп біз санаймыз. Өйткені ол Амангелді Әбдірахманұлының естелігі болып қалады. Бізге Омбыға келсеңіз, ескерткішін көрдіңіз, енді Шәкенов атындағы стипендия да үлкен ескерткіш болып қалады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?