Археологтар Қазақстандағы ежелгі порт қаланы зерттеуде

Археологтар Қазақстандағы ежелгі порт қаланы зерттеуде

Қазақстандағы Қарақабақ қалашығынан Византия, Үндістан, Рим, Парсы және Қытай елдерімен байланысты құнды жәдігерлер табылды. Бұны тарихи мекеннің қойнауынан шыққан ескі тиындар, мөрлер, қыш ыдыстар дәлелдейді. Сондай-ақ, археологтар көне порт қызметін атқарған аймақтың іздерін анықтаған.

Андрей Астафьев, археолог:

- Қарақабақтан 150-ге жуық тиын табылды. Олар негізінен Парфия патшалығы, Хорезм, Соғды, Қытайдың көне тиындары. Бұл жәдігерлер бізге Маңғыстаудың ежелгі халықаралық сауда жолдарының маңызды бір бөлігі болғанын айғақтайды. Бұл өте маңызды, аса құнды деректер.  

Маңғыстау аумағындағы ежелгі қалашық шамамен екі мың жылдық тарихқа ие. Қарақабақ ІІ ғасырдағы Рим ғалымы Клавдий Птолемей жасаған Каспий теңізінің шығыс жағалауының картасында Аспабота деген мемлекет ретінде көрсетілген. Отандық ғалымдар тарихи мекенді қазіргі тілмен айтқанда Ұлы Жібек жолы тармағының Каспий маңы елдерінің логистикалық хабы болғанын айтады. 

Ақан Оңғарұлы, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры:

- Табылып отырған жәдігерлеріміз Ұлы Жібек жолынанда ары үлкен сауда жолының болғандығының, дала жолының болғандығының, ол жолдың тарихы екі мың жылдық екенін яғни бүгінгі тілмен айтқанда Ақтаудағы теңіз портының тарихы екі мың жыл екендігін, жоқтан бардың пайда болмағандығын аңғартады.

Мамандар Қарақабақ аумағында ғылыми-археологиялық база, ашық аспан астындағы музей, туристік инфрақұрылым мен арнайы экскурсиялық бағыттар құруды жоспарлап отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?