20 жылда 13 мың домбыра. Қазақ ұлттық музыкалық аспаптарын жасаумен
айналысатын шебер Алмас Мұстафаның пайымдауынша, домбыраның дыбысы күмбірлеп,
әдемі шығу үшін кәсібіңді сүйіп, шыдамдылық танытуың керек. Себебі бір аспапты
жасап шығу ұзақ уақытты талап етеді, тіпті жылдап жасалуы мүмкін. Шанағын ойып,
тегістеу, желімдеу, шекті тарту – мұның барлығы күрделі жұмыс. Мысалы, бұл
домбраны ағаш шебері бес жылдан бері жасап келеді, тапсырыс беруші де оны
асықтырмайды. Бірегей аспапты шебер арнайы Якутиядан әкелінген мамонт
сүйектерімен безендіруге ниетті.
- Осы сүйек қолыңыздағы, 40 мың жыл бұрынғы дүние, бұрын соңды жасалмаған,
мамонттан ешкім жасамаған мұны.
Республика бойынша пішінінің бөлектігімен ерекшеленетін төрт қана домбыра
бар.
Алмас Мұстафа, домбыра жасау шебері:
– Мынау тамшы формасы. Бұл Батыс Қазақстанда, осы форманың негізінде Ахмет Жұбанов атамыз бізге мына домбыраны таныстырды. Бұл 48 размер, емен ағашынан құралып жасалған. Кәдімгі қазір біз ойнап жүрген классикалық домбыра.
Шебердің аспаптар жинағында көздің жауын алатындары аз емес. Мысалы, бұл
домбыра Алмастың қолынан шыққан жүзінші аспап, ол оны 20 жыл бұрын жасаған.
Музыкалық аспапта өрнек пен ойма бар. Ол даламен үндессіп ән айтады, дейді
қолөнер шебері. Шеберліктің құпиясы - әрбір аспапты жасау кезінде ағашты
жүрекпен сезіну. Ағаш кейде сөйлемейді, кейді бірден тіл қата жөнеледі. Шебер
мұндай тақтайларды жылдар бойы сақтайды. Айта кетейік, болашақта Алмас Мұстафа
ұлттық аспаптар мұражайын ашуға ниетті.

