Премьер-Министр Қазақстан Президентіне елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады. Олжас Бектенов экономиканы әртараптандыру мен ынталандыруға қатысты берілген тапсырмалардың орындалу барысымен таныстырды. Айта кетейік, олар нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау және инфрақұрылымды жаңғырту арқылы жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті дамыту және жеке инвестиция тарту үшін басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бағытындағы Үкімет жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ, көктемгі егіс және су тасқынына дайындық шаралары туралы құлағдар етілді. Президент Олжас Бектеновке экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

