Алтайдан Ақ теңізге дейін қазақтың ат тұяғы тиген атырапты «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы аралайды. Жоба жетекшісі – саяхатының бірінде салиқалы іс жасап, «әлем азаматы» деп әйгіленген Сапар Ысқақов.
Ғылыми экспедиция Палестина еліне де жетті.
Өркениеттер арасындағы өзара күрестің бүгін басталмағаны белгілі. Әсіресе қасиетті мекендегі қайшылықтардың тамыры тереңнен тартылып жатқаны танылады. Дегенмен тараптарды таластырмай, табыстыруға болатынын көрсете білген көреген басшылар да бар. Олардың қатарына Дешті Қыпшақтан шыққан мәмлүктерді, нақтырақ айтқанда, Сұлтан Бейбарысты жатқызуға болар. Оның тұсында қазіргі Израиль мен Палестина аумақтарында тұрақтылық орнапты.
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы әлемдік картада үзік сызықтармен белгіленген шекарадан өтіп, Палестина ұлттық әкімшілігінің қарауындағы қалаларға да барды.
Осы тұста Qazaq TV ұсынған бағдарламаны көріп шығуға кеңес береміз!
Сұлтан Бейбарыстың Мұса Пайғамбар кесенесін салдырып, оның құрметіне мереке енгізуі дінаралық төзімділікке қалай әсер етті?
Қыпшақ текті мәмлүктер қай қалада жоғары сапалы қант өндірісін дамытты?
Исламның қорғаушысына айналған сұлтандар Вифлеем шаһарындағы қандай орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті?
Толығырақ «Бабалар ізімен» бағдарламасының кезекті шығарылымынан көріңіздер!