Отандық ғалымдардың өнертабысы өндірістік сынаққа жіберілді. Қазіргі таңда наноасфальт Алматыдағы көшелердің біріне төселді. Жаңа жол жабындысын Қазақстанның жол ҒЗИ ғалымдары ойлап тапқан. Наноасфальтбетонның автокөлік жолдарында қолданылатын полимерден ерекшелігі оның құрамында көмір ұнтағы бар. Оны тас көмірді ұсақтау арқылы алады. Үш сатылы технология нәтижесінде көміртегі компоненті соңғы өнім ретінде нанобөлшектерге ұсақталады. Ғылыми жоба авторларының айтуынша, жаңа жол жабындысы төзімділігімен ерекше.
Бағдат Телтаев, «Қазжол ҒЗИ» АҚ президенті:
- Бұл асфальтбетонның жолдағы пайдалану көрсеткіші кәдімгі асфальтбетонмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мысалы кейбір көрсеткіштері 44%, кейбір көрсеткіштері 2-2,5 есеге дейін жоғары. Біз Төле би даңғылында осы наноасфальтбетонды сынап көрдік және нәтижелер бізді қуантты, жол жабындысы әдеттегіден әлдеқайда берік болып шықты.