Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасын қабылдады. Ерлан Қошанов Президентке палатаның VII шақырылымының екінші сессиясында атқарылған заң шығару жұмыстары туралы мәлімет берді. Спикер қабылданған бірқатар заңның Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов өңірлердің маңызды проблемаларын анықтау үшін депутаттар халықпен кездесулер өткізіп жатқанын жеткізді. Кейін ол мәселелер Үкіметпен бірлесе шешілетін болады.