Silk Way Star халықаралық
байқауының қатысушылары қазақ әндерін өз тілдерінде орындады. Еске салайық,
өткен демалыс күндері «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасында жобаның үшінші
эпизоды көрерменге жол тартты. Оның нәтижесі бойынша Оңтүстік Кореяның Kandis
тобы мен еліміз атынан өнер көрсетіп жатқан ALEM ең көп ұпай жинады. Айтпақшы, отандық
әнші үш турдың қорытындысы бойынша көш бастап тұр. Екінші орынға - армениялық
Саро Геворгянға бұйырса, үздік үштікті – Грузия өнерпазы Автандил Абесламидзе
тұйықтады. Ал, Түркменстаннан келген қатысушы Довран Шаммыев жобамен қош
айтысты.
Довран Шаммыев, Silk Way Star қатысушысы
/Түркменстан/:
- Әрине, байқаудан ерте шығып
кеткенім өкінішті болды. Өйткені алда әзірленген шоу, түрлі материалдар, әртүрлі
жанрлар мен бағыттар көп еді. Бір жағынан өмірімнің жаңа парағы басталғандай
сезімдемін. Silk Way Star осы өзгерістердің басы болды және бұл парақтың
жалғасы бар. Ол бастамаларым бұдан да жарқын болатынына сенімдімін. Өйткені менде
халықаралық достарыммен бірігіп іске асыратын жаңа идеялар пайда болды.

